Қытайда адам ағзасына өте қауіпті жасанды күріш пайда болды деп хабарлайды Shanghaiist агенттігі. Картоп пен резіңкеден әзірленген дақыл Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында сатылымға шыққан.
Басылымның хабарлауынша, сырт түріне қарап күрішті жасанды екенін ешкім ажырата алмайды. Ал, бірақ оның адам ағзасына тигізер залалы орасан дейді қытайлық сарапшылар. Ол ең алдымен ас қорыту жолдарын кеселге ұшыратады.
Бұл ақпаратты ести сала көрші мемлекеттер де нарықтағы дәнді дақылдарын тексеруге кірісіп кетті. Атап айтқанда, Үндістан мен Индонезия және Вьетнам елдерінде резіңкеден жасалған күріш сатылуы мүмкін деген қауіп бар. Малайзия мен Сингапур билігі болса аталған ақпардың ақиқатқа жанаспайтындығын айтып, тұрғындарын сабырға шақырды.
Қытайлық сарапшылар аталған күрішті әзірлегенде оны кәдімгі күріштен айыру оңайдың оңайы дегенді айтып отыр. Мәселен, жасанды күрішті қанша қайнатсаң қатты болып, піспей тұрып алады. Сондай-ақ, қатты ысыған кезде одан күйген пластиктің жағымсыз иісі шығады дейді олар.
Дереккөз: BAQ.KZ