Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы Орталық стадион маңында белгісіз біреулер үш қызды таспен ұрып, сөмкелерін тартып алып кеткен болатын.
Бостандық ауданының полицейлері осы іске қатысы бар күдіктіні ұстады деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 19 мамыр күні болған. Бостандық АІІБ бөлім басшысы Құмарбек Кеншібаевтың айтуынша, ұсталған азамат 1979 жылы туған Алматы тұрғыны. Ол бұған дейін ұрлық үшін сотталып, жазасын өтеп шыққан.
Жәбірленген қыздар күдіктіні анықтап, дәл сол азаматтан зәбір көргенін айтып отыр дейді ол. Оның қасындағы серігі қазір іздестіріліп жатыр.
Бүгінде жәбірленген қыздар болса қазір дәрігерлердің қарауында ем алып жатыр.
Дереккөз: BAQ.KZ