ІІМ интернеттегі алаяқтардан сақтануға шақырды

0
513

Еліміздің Ішкі істер министрлігі жұртшылықты интернеттегі алаяқтардан абай болуға шақырды.

хакер1

Ішкі істер министрлігі Интернет желісін пайдаланушылардан ақша бопсалаумен айналысқан тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне тергеу жүргізуде, дейді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің Алмас Сәдубаев.

Бұл алаяқтық әрекеті пайдаланушыны браузердің жұмысын бұғаттап тастайтын интернет-ресурстарына (Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera және т.б.) бағыттау жолымен жасалуда.

Алаяқтар бағыттаған интернет-ресурсына өткен кезде браузер бұғатталып, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының атынан порнографиялық мазмұнды қарау және көшіріп алу себебіне байланысты Заң бұзылғанын хабарлайтын мәтін пайда болады.

Бұғатты алып тастау үшін вирус төлем терминалы арқылы 10-15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етеді. Оны төлемеген жағдайда іс материалы прокуратураға жолданып, порнографиялық мазмұнды көшіріп, сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде жазылады.

Есіңізде болсын, мемлекеттік орган азаматтың компьютерін (немесе смартфонын) бұғаттамайды. Таратылған хабарламаға ІІМ-нің қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.

Осы жағдайда қалай дұрыс әрекет жасау қажет: бұл жағдайда төлем жасамаңыз, егер төлем жасалса, терминалдың чегін сақтап қойып, полицияға шағымдану және чекті арызға қоса ұсыну қажет; бопсалаудың осындай фактілеріне тап болсаңыз аз уақыт ішінде ішкі істер органдарына шағымданыңыз;

Интернет-алаяқтар сенгіш адамдарды құрығына түсіруге тырысады.

Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін нені білу қажет: компьютерде күнәм тудыратын бағдарламаларды қоспаңыз (немесе смартфонда); күмән тудыратын мазмұндағы ресурстарға кірмеңіз (оның ішінде  жарнамалық баннерлер және қозғалмалы терезелер).

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз