Мәскеудің Большая Черкизовская көшесіндегі “Радуга” сауда үйінен алты қылмыскер 9 миллион рублі бар Сбербанк банкоматын ұрлап кетті деп жазды lifenews.ru.
Банда мүшелері банкоматты куәгерлердің және орталық күзетшілерінің көзінше алып кеткен.
Сауда үйін жұмыс уақытында тонаған қылмыскерлер бейнекамераға түсіп қалған. Видеодан бетперде киген ер кісілер өткен-кеткенді итеріп, банкоматты орнынан жұлған күйде арбаға тиегені байқалады. Сыбайластары “Радуганың” ішіндегі адамдар мен күзетшілерді қадағалап тұрған.
“Рубикон-безопасность” жеке күзет кәсіпорнының күзетшілері қарақшыларға қарсылық танытпаған. Олар қылмыскерлерге қарсылық көрсетуге қаруларының болмағанын айтып ақталған.
Банкоматты далаға шығарған қарулы қылмыскерлер оны “Ниссан” көлігіне тиеп, ізін суытқан.
Дереккөз: Nur.kz