Маңғыстау облысында жеңгетай жұмыс іздеп келген қыздарды жезөкшелікке салған (видео)

0
490

 

Жаңаөзендегі сауналардың бірінде әкімші болып істейтін әйел Қарақалпақстанның үш тұрғынын жезөкше ретінде пайдаланған.

1432270208

Бұл туралы Tumba.kz сайты хабарлайды.

Қарақалпақстаннан нәпақа табу мақсатында келген үш қыз негізінен еден жуушы, монша тазалаушы ретінде жұмысқа тұрамыз деп ойлаған. Алайда, С. есімді азаматша көрші елден келген қыздарға мүлде басқа жұмыс тауып береді.

«Ол қыздардың құжаттарын тартып алып, сыртқа шығармаған. Күштеп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде  полицейлер жеңгетайды ұстады. Бүгінде бұл оқиғаға орай қылмыстық із қозғалды», – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

 

Құлдыққа түскен қыздардың айтуынша, олар 2 ай бойы саунадан сыртқа шыға алмаған. Ал клиенттерден түскен қаржыны жеңгетай дереу алып кетіп отырыпты.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мәжбүрлі түрде жезөкшелікпен  айналысқан қыздардың бірінің аяғы ауыр. Жеңгетайдың өзінің де кішкентай сәбиі бар екені анықталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз