Батырхан Шүкеновтың атынан ақша істемек болғандарға әншінің туыстары қарсы шықты

0
366

 

Батырхан Шүкеновтың қазасынан кейін оның атын коммерциялық мақсатта пайдаланушылар көбейген деп хабарлайды КТК арнасы.

Родные Шукенова попросили не использовать его имя ради наживы

Әншінің продюсері, әрі жақын досы болған – Олжас Байқанов осындай мәлімдеме жасады. Әсіресе, мұндай жағдай Алматы мен Мәскеуде белең алып барады екен.

Әншінің туыстары енді осындай шараларды ұйымдастырған адамдармен заң шеңберінде сөйлеспек. Солардың бірі – осыдан үш күн бұрын Өскеменде өткізілген байкерлер фестивалі.

Онда елдің көп жиналуын қалағандар еш қатысы жоқ болса да «Шара Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналады» деп жалған афиша таратқан. Онысымен қоймай, «Джулия» әнін орындауға ресейлік сайқымазақ Никита Джигурданы шақыртыпты.

Мұндай коммерциялық концерттер түнгі клубтарда да өтіп жатыр. Әзірге Батырханның әндеріне авторлық құқық анасы – Дилара Ибрагимқызына берілген.

“Қазір Батыр туралы түрлі қауесет таратып жатқандар бар. Мәселен, ұлы Мақсұт онымен араласпапты екен деген сияқты. Бұл өтірік. Олардың араласуына әйелі Екатерина ешқашан тыйым салған емес”, – дейді  Шүкеновтың досы Олжас Байқанов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз