Өскеменде анасының өліміне тапсырыс берген жігіт ұсталды

0
353

Өскеменде полицейлер 45 жастағы әйелдің өліміне марқұмның ұлын кінәлап отыр.

түрме
Бұл туралы Новости Казахстан агенттігі ШҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тергеу кезінде марқұмның қалада пәтерлерді жалға берумен айналысқаны анықталды. 9 мамыр күні кешкісін әйелдің құрбысы оған бірнеше рет телефон шалып, оның жауап бермегеніне алаңдайды.Кейін құрбысы оны жалға беретін пәтерлерінің бірінен өлі күйінде тауып алған.

«Марқұмның өліміне пәтер жалдаушылар да кінәлі болуы мүмкін деген болжам бар. Криминалды полиция қызметкерлері әйел жалдаған пәтерге келушілерді тексеріп, табуға тырысуда», – дейді полиция өкілдері.

Жедел іздестіру бөлімінің мамандары тағы бір болжамды алға тартып отыр.

«Келесі күні Глубоковский ауданының екі тұрғыны мен облыс орталығында тұратын екі жігіт ұсталды. Олардың бірі – марқұмның 25 жастағы ұлы. Оны қылмыс жасауға анасымен қарым-қатынасының жақсы болмауы итермелеуі мүмкін», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Полиция өкілдері 25 жастағы марқұмның ұлы анасының өлімін жоспарлап, тапсырыс бергенін анықтады. Оның екі құрдасы қылмысты ұйымдастыруға көмектескен, ал бұрын сотталған 42 жастағы ер адам әйелді өлтірген. Ол марқұммен пәтер жалдаймын деп келісіп, үйге келгенде бірнеше жерден пышақпен жарақаттап өлтіреді.

Бүгінде аталған оқиға бойынша қылмыстық із қозғалды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз