Елімізде нағыз шоу жасай алатын жұлдыздар кім? Биінің өзі шоуға айналған әншілер қайсы? Ал, сахнада қақиып, ырғақты әннің өзінде иығын қимылдатпайтын әншілер қанша? деген сауалға 31 арна жауап іздеп көрді.
Күннен күнге дамып келе жатқан қазақ шоу-бизнесінде бірі әнімен, бірі сәнімен енді бірі биімен ерекшеленетін әншілер бар. Алайда соңғысымен, яғни бимен халықты елең еткізіп, кәсіби шоу-жасап, ән мен биді қатар алып жүрген әншілер көп емес. Неге? Бірі билейтін, екіншісі мүлде билемейтін топқа бөлініп алған әншілердің өздері бұл сұраққа бірнеше жауап айтты.
Жас әнші Серікбол Сайлаубек сахнаға билеп шыққан әншілердің бірі. Ел алдында бұлай қимылдап, секіруін бойындағы бала кезден қалыптасқан ерекше өнер деп санайды. Алайда, Серікбол көптеген өзге әншілер сияқты сахнаға шығар алдында, арнайы би үйрететін мамандарға қаражатын, уақытын қиып бармайды екен.
Мүмкін әншілердің сахнаға билемей шығуының бір себебі де осы шығар? Әлде ұяла ма екен?
Өзіне жарасатын ерекше шоуды “елудегі ерке қыз атанған” Мақпал ханым жасап жүрген сияқты. Оның ырғақты әндерге шыр айнала билеуін халық ерекше жылы қабылдайды.
Ал, Қайрат Нұртастың көпшілікке жақсы таныс қимылдары. Әншінің биін тіпті пародия жасайтындар көбейген. Арнайы мамандарға бармаса да бұл әншінің биі де халыққа қатты ұнайды.
Ал, Ақылбек Жеменейдің мұндай өнері жоқ. Шоу-бизнеске енді қадам аттағанда әнші өзін роботқа теңеген. Алайда, Ордалықтардан үйренген биін халыққа қатты көрсете бермейді. Себебі…
Бірақ кейбір әншілер ондай сөздерден қорықпайды.
Бұл эстрадамыздағы билеуден қорықпайтын әншілеріміз. Ал, билемейтіндер кім?
Ал, Ақбота Керімбекова өзін билей алмайтын әншілердің қатарына жатқызады. Ал, Әли Оқапов бимен кәсіби түрде айналысатын санаулы әншілердің қатарында. Ақшасын төлейді, уақытын бөледі. Сахнаға тек кәсіби мамандармен қойылған биді алып шығады.
Дереккөз: www.radio31.kz