Мәскеуді мойындатқан азиялық арулар (фото)

0
446

Мәскеуде жетістіктерге жетіп, танымалдылыққа ие болған азиялық арулардың тізімін comode.kz басылымы жариялады.

севара1

Танмыл әртіс Равшана Куркова

равшана1

Танмыл әртіс Равшана Куркова Ташкентте әртістер отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Бахрам Матчанов Марк Вайльдің танымал “Ильхом” театрында өнер көрсеткен.

равш2

Равшана 12 жасында өзбек режиссері Рашид Маликовтің “Тайна папоротников” фильміне түседі.

равш4

Мәскеуге 17 жасында келіп, “Останкинода” гримерлік жұмыстан мансабын бастаған ару біртіндеп фильмдерде рөлдерді сомдай бастайды.

Линда, Кентау

линдакен1

90 жылдары танымал болған әнші Линда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Оның шын есімі – Светлана Гейман.

линдакен2

Туыстары Светлананы кішкентай кезінен иврит тілінен «күн» мағынасын беретін Лейбла, Лейбэла немесе Лина деп атайтын.

линдакен3

Әнші Мәскеуге 15 жасында келді. Ол жерде Линда театрға әуестеніп, халық әндерін айтумен болды. Гнесинский училищесінің вокалдық бөлімін үздік бітірді. Ресейлік шоу-бизнесте продюсер Макс Фадеевпен кездескен кезінен танымалдылыққа ие болды.

Севара Назархан, Әндіжан

севара1

Танымал өзбек фолк-әншісі Севара Назархан Әндіжанда дүниеге келген. Өзбекстанның Мемлекеттік консерваториясында білім алған.

севара2

Мәскеуді өнерімен бағындырмас бұрын әнші халықаралық сахнада танымал болады. Ол ағылшын музыканты Питер Гэбриэлмен бірге Лондонда альбомын жарыққа шығарып, BBC World Music Awards нұсқасы бойынша Азияның ең үздік әншісі атанады.

севара3

2012 жылы Севара “Бірінші” арнада”Голос” байқауына қатысып ресейліктердің назарына ілігеді.

Ульяна Сергеенко, Өскемен

ульяна1

Ресейдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Ульяна Сергеенко Шығыс Қазақстанның Өскемен қаласында дүниеге келген.

ульяна2

15 жасында Санкт-Петербургке отбасымен көшіп, кейін Мәскеуге келеді. Дизайнердің туындылары Мәскеумен қоса Парижді де бағындырады.

ульяна3

Ульяна мансабын Мәсукеуде жалғастырғанымен, туған елін өз туындылары арқылы дәріптеп отырады.

Гүлжан Молдажанова, Алматы

гульжан1

Бұл ханымды Ресейдегі ауқатты қазақ деп атайды. 2012 жылы ресейлік Forbes оны “ең қалталы ресейлік топ-менеджерлер” рейтингісінде 23 орынға қойды. “Базовый элемент” компаниясының бас директоры миллиардер Олег Дерипасканың активтерін басқарады. Оның қоластында он мыңдаған жұмыскер қызмет етеді.

гульжан2

Гүлжан Алматыда дүниеге келген. ҚазҰУ-де физика саласын меңгеріп Мәскеуге оқуға түседі. Мәскеу мемлекеттік университетінде бірге оқыған Олег Дерипаскамен қарым-қатынас орнатады. Мансабын хатшылықтан бастаған Гүлжан қазірде Ресейдің ең ауқатты әйелдері қатарында.

Наргиз Закирова, Ташкент

наргиз1

Танымал рок-фолк әнші Ташкентте Закировтар отбасында дүниеге келген.

наргиз2

Наргиз 4 жасынан сахнаға шығып, 1995 жылы Америкаға кетеді. 2013 жылы Мәскеуге келіп, “Голос” жобасында бағын сынайды.

наргиз3

Леонид Агутиннің қолдауымен финалда 2 орынды алады. Продюсер Максим Фадеевпен бірге әндер жазып, танымал болады.

Лера Кудрявцева, Өскемен

лера1

Танымал тележүргізуші Өскеменде ғалымдар отбасында дүниеге келген.

лера2

Мәскеуге 16 жасында көшіп, ТВ-6 арнасының кастингісіне қатысады.

лера3

Оны тележүргізушілікке ерекше келбеті үшін таңдап алады.

Линда Нығматулина, Алматы

линадниг1

80-жылдардың танымал әртісі Талғат Нығматулиннің қызы. 3 жасынан қазақ кино өнеріне келген Линда 10 жыл бұрын Мәскеуге көшіп, сол жерде телехикаялар мен фильмдерге түсе бастайды.

линданиг2

Жақында продюсер Федор Бондарчуктің атақты “Вычислитель”фильмінде рөл сомдады.

линданиг3

Онымен бірге Евгений Миронов, Анна Чиповская, Винни Джонс түсірілімге қатысты.

Светлана Назаренко, Бішкек

светлана1

Танымал “Город 312″ тобының  әншісі Светлана Назаренко көпшілікке Ая есімімен белгілі.

светлана2

Бішкекте дүниеге келген әнші тобының атына Бішкектің телефон кодын таңдайды.

светлана3

Ресейде танымал болуы үшін Светлана 5 жылын жұмсады.

Раушан Қанапьянова, Ақмола облысы

раушан1

Ресейлік саяси элитада танымал жалғыз қазақ ханымы Раушан Қанапьянова Шыңғысханның тікелей ұрпағы саналады.

раушан2

Мәскеуде өз партиялық желісін ашқан Раушан саяси мансабын тоқтатпайды. Бүгінгі күнде Қанапьянова қоғамдық оқытушылық қызмет атқарады. Мәскеу билігі тұсындағы ұлттар ісі бойынша Кеңес президиуымының мүшесі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз