Елбасы: Назарбаев университеті Мəңгілік елдің маңдай алды білім беру ошағы

0
440

 2

Астана. 15 маусым. Baq.kz – Бүгін Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің алғашқы түлектерін оқу бітірулерімен құттықтады.

 – Назарбаев университетінің алғашқы түлектерінің ұшып шығу салтанаты құтты болсын! Бұл еліміздегі білім беру жүйесінің ең айшықты күні. Біз университетті құрғанда əлемдік деңгейдегі мамандарды өзімізде дайындауды мақсат тұттық. Бүгін сол мақсат толық орындалды. Университет түлектерінің білімі əлемнің ең жоғарғы оқу орындарының талаптарымен толыға түсті. Бұл менің тікелей бастамам мен қамқорлығымның арқасында жүзеге асты деп білерсіздер. Ал, ол ұстаздар қауымының қабілеті мен тəжірибесінің арқасында мүмкін болды. Жас өрендеріміздің білім мен ғылымға құштарлығы, ізденісі арқылы орындалды. Осылайша Назарбаев университеті толыққанды білім беру орталығына айналды. Білім беру ошағының түлектері Қазақстандағы түбегейлі жаңартылған, мен айтқан 100 нақты қадамның жүзеге асуына ат салысатындығына сенінемін. Баршаңызды осындай тарихи сəтпен жəне университеттін алғашқы мерейтойы 5 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Назарбаев университеті Мəңгілік елдің маңдай алды білім беру ошағы! – деді Елбасы.

Айта кетейік, Назарбаев университетін алғашқы болып 446 студент бітіруде. Университетті аяқтағаннан кейін түлектердің біршамасы еңбек жолын бастауды, ал кейбірі əлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Назарбаев университетінде əрі қарай білімін жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

Айнұр РАКИШЕВА

http://baq.kz/kk/news/66773

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз