«Ауылдан қашу» фильмінің жалғасы түсірілуде

0
386
 3

Астана. 15 маусым. Baq.kz – «Ауылдан қашу» хикаясының бірнеше маусымын түсірген режиссер, актер Нұртас Адамбаев биыл сол телехикаяның жалғасы ретінде толық метражды фильм түсіріп жатыр.

 Фильмнің түсіріліміндегі бірнеше кадрды режиссер өзінің Instagram парақшасына мәлімдеп жазған болатын.

«Бұл – «Ауылдан қашу» хикаясындағы оқиғаның жалғасы, бірақ айта кетейін, бұл толықметражды фильм болады. Хикаяның соңғы маусымы 2013 жылы шыққан еді. Бұдан кейін біз «хикаяның жалғасы қашан болады?» деген көптеген сұрақтар алдық. Міне, көрерменнің өтінішін жерде қалдырмайын деп, үлкен экранға шығаруды ұйғардық. Негізгі кейіпкерлер бұрынғысынша қалады: Ербол, Сапог, Ерлан, Баклажан және Тышқан. Фильмде сонымен қатар, басты ролді сомдаған Айнұр Ілиясованың орнына Аружан Жазылбекованы көре аласыздар» делінген жариялымда.

Айта кетейік, режиссердің «Сабина келін» комедиялық фильмі бес күн ішінде прокатта 600 мың доллар ақша жинап, көп табысқа жеткен болатын. Фильмді түсіруге 300 мың доллар немесе 54,6 миллион теңге жұмсалған еді.

«Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» фильмінің тұсаукесері күзде көрсетіледі деп жоспарлануда.

http://baq.kz/kk/news/66802

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз