13 жастағы жеткіншекті жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, видеоға түсірген теміртаулық оқушылар қатаң жаза алды

0
442

 

Қарағанды облысында сот 15 жастағы үш оқушыға тағайындаған жазасын жеңілдетуден бас тартты. Олардың әр қайсысы 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Айыптылар 13 жастағы қыз баланы соққыға жығып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген және сол сәтті ұялы телефондарына видеоға түсірген.

подрост1

Бұл туралы құзырлы мекеме NUR.KZ тілішісіне хабарлады.

Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша апелляциялық коллегиясы оқушылардың жазаны жеңілдету туралы арыздарын қарастырып, 10 жылға темір торға тоғыту тиісті жаза деген тоқтамға келді.

«Коллегия тағайындалған жаза заңға сәйкес әрі негізделген деген тоқтамға келді», — деп мәлімдеді апелляциялық инстанция төрешісі Серік Спанов.

Оқушылар өз арыздарында зардап шегушінің кәмелетке толмағанын білмегенін айтып ақталған. Алайда, облыстық сот бұл сөздерін шындыққа жанаспайды, әрі қылмыстық жазадан қашып құтылу үшін айтылған деп таныды.

«Айыптылардың апелляциялық арыздарын сот кері қайтарды», — деп түсіндірді Серік Спанов.

Белгілі болғандай, айыптылар зардап шегушімен бірге оның 13 жасқа толуын тойлатып, жеткіншектің жасы нешеде екенін жақсы білген.

Еске салсақ, 13 жастағы Ольга Наталья, Таня және Дмитрий есімді достарының құрбанына айналған болатын. Достары Ольгаға жәбір көрсетіп, мазаққа алмақ болған.

Олар оны соққыға алып, Дмитриймен оральдық жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Дмитриді жеткіншектің соққыға жығылып, жылап тұрғаны тоқтатпаған. Олар жыныстық зорлық көрсету сәтін толықтай виедоға түсіріп тұрған.

Өзге екі жеткіншек Вячеслав пен Слон лақап атымен белгілі Олег болған жайттың куәгерлері бола тұра, қыз балаға жәбір көрсетушілерді тоқтатудың орнына, бақылап тұрумен болған.

Ольганы шаруаларын бітірген жеткіншектер босатып сала берген. Зардап шегуші болған жайтты ешкімге айтпаған. Келесі күні Таня мен Наташа Ольганың үйіне келіп, түсірген видеоларын жария етеміз деп ақша бопсалаған. Олар 15 мың теңге бермеген жағдайда, видеоны барлық достарына, интернетке тарататындарын айтқан.

Ольга ақшам жоқ деп жауап қайтарғанда, оқушылар оның қолындағы ұялы телефонын тартып алған.

Көп ұзамай бар жағдайды біліп алған Ольганың анасы полицияға хабар береді.

ІІБ қызметкерлері 4 күдіктіні құрықтады. Вячеславтан өзгелердің бәріне Қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша кәмелетке толмаған қызға сексуалды тұрғыда жәбір көрсету айыбы және бопсалау айыбы тағылды. Ал Вячеславқа қылмысты полициядан жасыру айыбы тағылды.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың төрешісі Төлеген Таңсықпаев Дмитрийді 10 жыл ортақ режимдегі тәрбиелеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Орта мектеп оқушылары Наталья мен Татьяна да 10 жыл тәрбиелеу колониясында жазасын өтейтін болады. Қылмысты тоқтатуға еш әрекеттенбей, бақылап тұрған Вячеслав 1 жыл бас бостандығынан айырылды.

Вячеслватан өзге барлық сотталушылар облыстық сотқа апелляциялық арыз түсірген. Олар зардап шегушінің кәмелетке толмағанын білмегендерін айтып, жазасын жеңілдетуін сұрағанымен, шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Заң бойынша 14 жасқа толмаған жеткіншектерді зорлағандарға қатаң жаза тағайындалады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз