Қазақстандық шенеуніктер мемлекеттік қызметке қажетті автокөліктерді әртүрлі бағамен сатып алуда. Көлік бағаларының айырмашылығы 40 пайызға дейін жеткен деп жазады Капитал.
Қаржы министрлігінің арнайы жұмыс тобы Ұлттық қор мен мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржының барлық бағдарламалар бойынша игерілуін қадағалап отыр.
«Жұмыс тобы бірдей автокөліктердің Қазақстанның әр аймағында әртүрлі бағаға сатып алғанын анықтады. Осылайша, бір кластағы көлік бағаларының айырмашылығы 40 пайызға дейін жетті», — деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Автокөліктерді қымбатқа сатып алған аймақтар үштігіне Жамбыл облысы (146 956,1 теңге), Шығыс Қазақстан облысы (90 630,9 теңге) және Ақмола облысы (78 863,6 теңге) еніп отыр.
Көлік бағаларының мейлініше қымбаттаған салалары — құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы, әкімшілік-шаруашылық басқармасы (облыстар мен аудан әкімдерінің аппараты) деп нақтылап өтті министрлік.
Источник: Nur.kz