Семей қаласында 14 маусымда қатты дауыл тұрып, салдарынан ағаштар құлап, көліктер зардап шекті. Қатты нөсердің кесірінен жол қозғалысы қиындаған.
Аталған жайтқа қатысты Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Семей-Семипалатинск транзит» тобында пайдаланушылар фотосуреттер жариялады деп хабарлады Қазақпарат.
Мәселен, ғаламтор пайдаланушысы Сергей ли Хан «Қаланың көптеген аудандары жарықсыз қалды, жолдарда жаңа көпірдің су сору жүйесінің жұмыс істемеуіне байланысты кептелістер пайда болды.
Көпірдің сол жағалаудағы айналма жолында көліктер екі бағытта да жүріп жатыр. Орталық саябақ жанында автобустың үстіне ағаш пен сым құлады.
Қаланың ескі орталығында көптеген ағаштар құлаған. Көліктер зардап шегіп жатыр», деп жазады мұнда жариялаған өзінің хабарламасында.
Сондай-ақ, қаладағы қатты жел салдарынан 57 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалғанын қалалық әкімдікке сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.
Екпіні 35 метрге жеткен жел, онымен бірге болған жауын-шашын салдарынан электр тасымалдау желілері үзіліп, 16 ғимараттың шатыры бүлініп, қаланың жекелеген учаскелерінде жаңбыр суы жиналған.
«Электр тасымалдау желілерінің үзілуі салдарынан қалада 57 мың 184 абонент уақытша жарықсыз қалғанын атап өту керек. Қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізу үшін барлық қажетті ресурстар мен материалдар бар», — делінген әкімдік хабарламасында.
Источник: Nur.kz