Мұсылмандар одағы Рамазан айында жұмыс күнін қысқартуға шақырды

0
398

Рамазан айының басталуына орай Қазақстан мұсылмандар одағы (ҚМО) және Орталық Азиядағы адам құқықтары бойынша мұсылман комитеті (ОААҚ МК) мемлекеттік мекемелер, жеке компаниялар мен оқу орындарында ораза ұстайтын қызметкерлерге жеңілдетілген жұмыс күнін енгізуді сұрады.

Союз мусульман призвал сократить рабочий день в Казахстане на время Рамазана

Бұл туралы ҚМО баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Мұсылман құқық қорғаушылары президент пен премьер-министрге мұсылман мемлекеттерінің тәжірибесін енгізуді сұрап, хат жолдаған. Хатта Рамазан айында елде қысқартылған жұмыс күнін енгізуді өтінген.

ҚМО мен ОААҚ МК ораза ұстайтын адамдарға мемлекет қолдау көрсетіп, рухани тұрғыдан көтерілуді ынталандыруы қажет деп есептейді.

Мұсылмандық белсенділер, сонымен қатар шенеуніктерді Рамазан айында жемқорлық келісімдерге тоқтау салуға шақырды. Мүмкін болмаған жағдайда, тым құрымаса барынша азайту керек дейді. Себебі, сенім бойынша Алла Тағала Қасиетті айда жасалған барлық жаман істер үшін үлкен жаза беріп, ал барлық жақсы істерді екі еселеп қайтарады.

ҚМО мұсылмандарды осы айда көбірек қайырымдылық жасап, жағдайы төмендерге ас таратуға шақырды.

«Ашық аспанда дастарқан жайып, кез-келген қарны аш жандардың тоюына мүмкіндік жасаңыздар. Осылайша сіздер өздеріңіздің сенімдеріңізді нығайтып, кінәларыңыздан арыласыздар, Алла Тағалаға құлшылық етесіздер!» — деп кеңестерін берді қоғам өкілдері.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз