Астанадағы төбелеске қатысқан 18 адам ұсталды

0
476

Астаналық ІІД Баспасөз қызметінің NUR.KZ интернет-порталына хабарлағандай,  16 маусымда шамамен сағат 20.10-да «Артем» сауда үйінің қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қайыр тілеумен айналысатын әйелді ұстағандары жөнінде хабарлама түсірген.

Фото очевидца с места происшествия

Полицейлер анықтағандай, сол күні сағат шамамен кешкі алтыларда 30 жасар әйел, ІІ топтағы мүгедек, үш кәмілетке толмаған мектепке дейінгі жастағы балаларымен Астанаға Алматы қаласынан қайыр сұрау мақсатында келген. Осыдан бұрын ол бірнеше рет осыған ұқсас құқықбұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қайыршылықпен айналысу үшін сауда үйінің ғимаратына кіруге рұқсат берілмегеннен кейін «Артем» сауда үйінің қауіпсіздік қызметі қызметкерлері мен азаматша арасында келіспеушілік туындаған. Осы уақытта өтіп жатқандар адамдар соның маңына жиналған. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін келген полиция жасақтарына дау-дамай туындатқан белсенді қатысушылар бағынбаған.

Полицейлер аталмыш оқиғаға қатысы бар 18 қатысушыны мән-жайды анықтау үшін ұстады. Олардың ішінде мас күйінде болғандар да бар. Зардап шеккендер мен мүліктік шығындар жоқ.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 252-бабы (жекеменшік күзет қызметі қызметшілерінің уәкілеттігін асыруы) негізінде сотқа дейінгі өндіріс басталды, сонымен қатар, «Артем» СҮ қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің арызы бойынша материал ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша (бұзақылық) тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана қаласының «Артем» базары маңында полицейлер жаппай төбелесті тоқтатты. Жанжал барысында «Артем» базарының бірінші қабаты қиратылған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз