Талғат Ермегияев үйқамақтағы 2 айын Есіл жағасындағы зәулім сарайында өткізеді

0
356

 

Есеп комитеті «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының қаржылық қызметі тексерілмейтінін хабарлады. Бұл туралы ведомство басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді.

Талгат Ермегияев

Айтуынша, комитет өздігінен тексеру жүргізе алмайды. Бірақ президент әкімшілігінен тиісті нұсқау түскен жағдайда компанияны тексеру жұмыстары көп күттірмейді.

Ал тергеу уақытына үйқамаққа алынған Талғат Ермегияев алдағы 2 айды Есіл өзенінің жағасындағы зәулім үйде өткізеді. Үйдің консьержі бұрынғы шенеуніктің баспанасы үйдің 5-қабатын түгелдей алып жатқанын айтты.

Бұл подъезде 6 отбасы ғана тұрады. Ал мәселен, келесі подъезде 27 отбасы орналасқан. Күдікті тәулік бойы күзетте.

Оған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлері туған-туыстары және қорғаушыларынан өзге біреумен тілдесуге тыйым салынған. Және байланыс құралдарын, телефон мен интернетті пайдалануға да рұқсат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің үйқамағына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген.

Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынған. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз