Қытай мен Австралия еркін саудаға көшпек

0
499
3
Он жыл бойы еркін сауда жөнінде келіссөздер жүргізген Қытай мен Австралия ақыры бір шешімге келді.
Құжатқа Жасыл құрлықтың астанасы Канберрада қол қойылған. Тараптар бұл келісім екі жақтың да экономикалық өсіміне сеп болатынына сенеді. Сонымен қатар бірқатар секторда салық салу ісі жойылып, соның арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болмақ. Айта кетейік, Қытай – Австралияның ең ірі сауда серіктесі. Былтыр екі арадағы сауда-саттық 136 миллиард доллардан асқан.
Гао Хучен, Қытайдың сауда министрі:
– Бұл еліміз қабылдаған ең маңызды екіжақты келісім болып отыр. Енді соның арқасында бір-біріміздің нарығымызға шығуға байланысты мүмкіндіктер молая түседі.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/69978-sauda-a-k-shpek

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз