«Теңіздер де шөлдейді»

0
850
Астанада ақын Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты жыр кеші өтеді
6
Бейсенбі, Маусым 18 2015 Астанада ақын Оңайгүл Тұржанның «Теңіздер де шөлдейді» атты жыр кеші өтеді altyalash.kz 2015 жылдың 22 маусым күні сағат 19.00-деМаңғыстау облысы мәдениетінің Астана қаласындағы күндері аясында ақын Оңайгүл Тұржанның азаттық тақырыбына арналған «Теңіздер де шөлдейді» атты шығармашылық кеші өтеді.
Елорданың «Шабыт» шығармашылық орталығында болатын шара драмалық-сазды сипатта болмақ.
Оған Әбіш Кекілбаев, Айман Мұсахожаева, Қуаныш Сұлтанов, Әкім Тарази, Нұрлан Оразалин, Ақұштап Бақтыгереева бастаған ақын-жазушылар, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары және басқа да жыр сүйер қауым қатысады деп күтілуде.
О. Тұржан – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің доценті, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Фариза Оңғарсынова негізін қалаған «Тұмар» журналының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым-зерттеуші, аудармашы. Ол – «Самал» (1987), «Шерқала» (1998), «Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2007) атты бірнеше жыр жинақтарының авторы.
Биылғы жылдың 23 сәуірінде Лондонда ақынның ағылшын тіліне аударылған бір топ өлеңдерінің тұсаукесері өтті.
Өзінің мазмұнды жырларымен республикамызға танымал О. Тұржанның ғылым саласында да өзіндік қолтаңбасы бар. Оның «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографиясы екінші рет басылып шықты. Сондай-ақ, Стамбул университетінің профессорлары Айла және Айдемир Окаймен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған «Жұртшылықпен байланыс: негізгі ұғымдар, стратегиясы мен тәжірибелері» атты оқулықты жарыққа шығарды.
Оңайгүл Тұржанова
Ішімде де ақ боран,
Сыртымда да ақ боран,
Көңіл бұлақ ақтабан,
Олда қатып тоқтаған.
Үсіп өлді үмітім,
бір жаз бойы сақтаған.
Қарға батып дәрменім,
Мұзға қатып дәуренім,
Кәрі қысты тұр-тұрлап,
Оята алмай әуремін.
Шаңқай жаздан адасып,
Жүрген жалғыз сәуле едім.
Қыс пен жазды жалға тіл,
Көктеміңе бар батыл,
Жасыл желек қай жақта,
Мұнда тауда, талда тұл.
Өлеңдерде ақ қырау,
Ой ұшында қар жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз