Ақтөбе облысында аяғы ауыр мектеп түлегі өзіне қол салмақ болды

0
600

 

Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Жаңақоныс ауылында 17 жастағы қыз белгісіз дәрі-дәрмек ішкен соң, комаға түсті.

кома

Кейін қыздың жүкті екені анықталған деп жазады Диапазон.

Алдын ала болжам бойынша, жүкті болып қалғанын білген қыз әкесінен қорқып, өзін өлтірмек болған.

Аудандық ауруханаға қыз 15-ші маусым күні жеткізілді.

«Ол есінен танып жатты. Неден уланғаны белгісіз. Қыз жақында мектеп бітіріп, ҰБТ тапсырған. Жүктілік мерзімі – 4 ай. 17 маусым күні біз санавиациямен науқасты Ақтөбеге жібердік», — дейді дәрігерлер.

Алдымен балалар ауруханасына жеткізілген қыз кейін облыстық ауруханаға ауыстырылды.

Дәрігерлер қыздың 3-ші санаттағы комаға түскенін, жағдайы ауыр екенін айтады. Қыздың анасы да дәрігер, ол қызының жүктілігінен хабардар болған. Қыз бала қатал әкесінен қорқып, дәрі-дәрмек ішіп қойған.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында ҰБТ-дан аз ұпай жинаған қыз өзіне қол жұмсап, қайтыс болған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз