Әлия ауылына сапар кезінде Ақтөбе облысының вице-премьері Бердібек Сапарбаев Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ауыл тұрғындарымен сөйлесті. Тұрғындардың балабақшасын салу туралы өтінішіне жауап қайтарған шенеунік, көбірек тууға және шағымдана бермеуге кеңес берді.
Бұл туралы «Диапазонға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Қобда ауданындағы ауылды барлап қайтуға вице-премьер облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге келген. ҰОС батыры Әлия Молдағұлованың монументіне гүл шоқтарын қойған шенеуніктер Әлияның мұражайына барып, тұрғындармен сөйлесті. Сапарбаев ауыл тұрғындарын Модағұлованың 90-жылдығымен құттықтап, олардың сұрақтарына жауап берді.
Жергілікті ақсақалдардың бірі ауылындағы басты мәселені айтып, мұңын шақты. Ақасақалдың айтуынша, ауылда тұрғындар саны күн санап өсуде. Олардың арасында жас отбасылар көп. Ауылдың балабақшасы өте кішкентай болғандықтан, барлық бүлдіршіндерді ораналастыру мүмкін болмай отырғанын айтқан ақсақал «жаңа балабақша салынуына үміттенуге бола ма?» деген сұрақ қойған.
«Балалар бақшасын салу – мәселе емес. Бірақ алдымен балалар саны көбейсін. Бізде қандай ұлан-ғайыр жер мен байлық бар десеңізші! Біздің экономика да жақсы дамып келеді, бірақ адам саны аз. Егер тұрғындар санын көбейтсек, үлкен мемлекет боламыз. Сол себепті, егер «Халық көп, балабақша — аз» деген мәселе туындайтын болса, жұмыс істеп, қолдау көрсету керек… Еш уақытта өсек таратып, шағымданудың қажеті жоқ. Украинада не болып жатқанын білесіздер ме? Екі жыл бұрын олар бұл туралы ойламаған да болатын», — деп жауап қайтарды Бердібек Сапарбаев.
Қобда ауданы білім беру бөлімінің басшысы Әлия ауылының балалар бақшасында орындардың жетіспеу себебін түсіндірді. Роза Шарабаеваның айтуынша, балалар бақшасы — 50 орынға есептелген ескі ғимарат, ал тұрғындар жаңа ғимараттың болғанын қалауда.
Источник: Nur.kz