Павлодарда ер кісі өгей қызын жеті жыл бойы зорлап келген

0
540

 

Павлодарда жеті жыл бойы өгей қызын зорлап келген ер адам сотталды деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ILLUSTRATIE - Bang meisje. ANP XTRA ROOS KOOLE

Бұл жөнінде агенттікке қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ер адам алғаш рет өгей қызын сегіз жасында жәбірлеген.

Ол әйелінің жоқтығын пайдаланып, бала ұйықтаған сәтте түнде бөлмесіне барып отырған. Өгей әкесінен қатты қорыққан қыз бұл жағдай жөнінде тек өткен жылы 14 жасқа толғанда ғана айтып, шешесі бірден полицияға шағым түсірген.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 40 жасар ер адамға сексуалдық мәндегі әрекеттер жасағаны үшін 25 эпизод бойынша айып тағылған.

«Ер адам Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты зорлық мәндегі әрекет жасау бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен қатаң режимдегі колонияға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп нақтылады баспасөз қызметінде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз