Алматы облысында жолаушы әйел жүргізушінің көлігін ұрлап кеткен

0
422

Алматы облысында Талғар қаласының 27 жастағы тұрғыны «Мерседес» көлігін айдап әкетті деген күдікпен ұсталды.

көлік

Нақтырақ айтқанда, 17 маусым күні Талғар ауданының полицейлеріне көлік иесі жолаушы ретінде мінген жас әйел көлікті айдап әкеткені туралы арыз жазған.

«Арызданушының айтуынша, жол жиегіне тоқтап бір сәтке дүкенге кіріп кеткен уақытта күдікті машинаны айдап әкеткен. Тәулік ішінде жәбірленуші көлікті өзі іздеп-табуға тырысқан. Таба алмаған соң полицияға шағым түсірген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, Талғар АІІБ жеткізілді», делінген хабарламада.

Көлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алматы облысы бойынша әйел адамдардың көлік айдап әкету оқиғасы осы жылдың өзінде 7 рет тіркелді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз