Бірнеше күн бұрын құзырлы мекеменің мамандары Елорда төрінде жиын өткізіп, 2017 жылы ұйымдастырылатын көрме құрылысының 35 пайызы аяқталғанын мәлім еткен болатын. Мекеме өкілдерінің айтуынша, шеңбер пішіндес нысанның құрылысы мен оның айналасындағы тұрғын үйлердің құрылысы келер жылдың соңына қарай тапсырылуы тиіс.
Видеода ЭКСПО-2017 нысанымен қатар, Астана қаласының аумағы бірер жылдар ішінде қаншалықты ұлғайғанын анық байқауға болады.
Bnews.kz.
Ғаламторда ЭКСПО-2017 құрылыс нысанының көктен түсірілген видеосы пайда болды (ВИДЕО)