Павлодарда кеше кешкі сағат 21.00 шамасында 30 жастағы учаскелік полицей Арли Харкиді өлтіріп кетті.
Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Полицейді өлтірген қылмыскер қаладағы теміржол вокзалының маңында сыра ішіп отырған жерінде құрықталды.
Күдікті қатты ашуланған соң, адам өлтіргенін айтты. Қайғылы оқиға орын алған сәтте оны үйінен әйелі қуып жібергендіктен, пышақ алып далаға шыққан.
Осы кезде полицей компьютермен жұмыс жасап отырған. Күдікті оқыс шабуыл жасағандықтан, тәртіп сақшысы өзін қорғай алмаған.
Ашулы азамат полицейді жеті немесе сегіз жерден жаралап, кейін қашып кеткен. Арли Харки болса, сыртқа шығып көмекке шақырыпты.
Өкінішке қарай, полицей жедел жәрдем қызметі келгенге дейін жан тапсырды. Көз жұмған азаматтың әйелі мен кішкентай балалары бар.
Источник: Nur.kz