Павлодарлық полицейді айуандықпен өлтірген адам өз-өзіне қол салмақ болған

0
387

 

Павлодарлық полицейді айуандықпен өлтірген адамның әрекеті біраз адам есеңгіретіп тастады. Қаскөй сақшының тапаншасын тартып алу үшін оны өлтірген деп хабарлайды КТК арнасы.

LoGP (1)

Қаскөй тура қалалық полиция пунктіне басып кіріп, аға лейтенант  Харки Арлиді сегіз жерінен пышақтап кеткен. Күдіктінің кескін-келбеті  тұрғындардың көмегімен анықталып, полицейлер 33 жастағы жігітті бір түн өтпей қолға түсірді. Сөйтсе, үйіндегі жанжалдан кейін ашумен шыққан ол сақшыны тапаншасын тартып алу үшін өлтіріпті.

Қанды оқиға тура полиция пунктінде болған. Үйінен  әйелімен ұрысып шыққан 33 жастағы павлодарлық жігіт тура бөлімшеге кіріп келіп, аға лейтенанттың мойны мен кеудесіне 8 рет пышақ сұғыпты. Сақшы қорғанып та үлгермеген екен. Қансыраған полицейдің далаға шығып, айналадағыларды көмекке шақыруға ғана шамасы келген.

Инспектордың көмекшісі 10 минут бұрын ғана дүкенге келіп, керегін алып кеткен. Аяқ асты бөлімше жақтан «көмектесіңдер» деген жанайқайы шықты

«Инспектордың көмекшісі 10 минут бұрын ғана дүкенге келіп, керегін алып кеткен. Аяқ асты бөлімше жақтан «көмектесіңдер» деген жанайқайы шықты. Бәрін тастап, сонда жүгірдік. Көмекке келгендердің арасындағы  дәрігер қыз сақшының жарасын таңу үшін жерге жатқызды. Біз жедел жәрдем мен полиция шақырдық», — дейді оқиға куәгері Әлия Самирова.

Бұл кезде учаскелік инспектордың көмекшісі жұмыста жалғыз болыпты. Ал, қаскөйдің бөлімшеден қашып бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сақшылар сол таспадағы адамның түрін тұрғындардың көмегімен анықтады. Кейін бүкіл павлодарлық полицей жұмылып, бір тәулікке жетпей қылмыскерді туыстарының үйінен тапты.

«Павлодар қаласының 33 жастағы жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Айтуынша, ол тапаншаны тартып алу үшін қылмысқа барыпты. Бірақ, учаскелік инспектордың қалтасында қару болмаған. Сондықтан қорғана да алмады, ал қасындағы полицей тұрғындардың шақыруымен кеткені анықталды», — дейді Павлодар облыстық ІІД бастығы Марат Қожаев.

Қаскөйді мұның алдында үйінен әйелі қуып жіберген екен. Соған ашуланған жігіт, атылып өлмек болып полиция бөліміне кірген деген ақпарат бар.

Ал Харки Арли павлодарлық полиция пуктінде 6 жылдан бері жұмыс істепті. Небары 30 жастағы сақшының артында кішкентай қызы мен әйелі қалды. Марқұмның денесі туған жері Жамбыл облысында жерленеді.

Ал, ашумен полицейді пышақтап тастаған қаскөй қазір уақытша ұстау изоляторына жабылды. Енді ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз