Қазақстандық ғарышкер Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға бекітілді

0
499

 

Ғарышкерлерді даярлау орталығының ведомствоаралық комиссиясы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты британдық әнші Сара Брайтманның орнына Халықаралық ғарыш стансасына  ұшуға қатысушы ретінде бекітті. Бұл туралы ТАСС агенттігінің зымыран-ғарыш саласындағы дереккөзі хабарлады.

s119e010281

«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен Айымбетов ХҒС-ына қысқа мерзімдік экспедициясының құрамына енгізілді. Оның дублері болып ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев тағайындалды», — деді агенттіктің сұхбаттасушысы.

Ғарышқа ұшуға үміткер болған ресейлік бизнесмен Федор Гальчев, әңгімелесушінің нақтылауынша, ғарышқа ұшу идеясынан бас тартқан жоқ, бірақ әзірге осындай сапарға шығуға жеткілікті түрде дайын емес екенін түсініп отыр.

Бұған дейін Росғарыш басшысы Игорь Комаров ТАСС агенттігіне ХҒС-на ұшудан бас тартқан Брайтманның орнына ұшатын адам таяу  уақытта анықталатынын хабарлаған еді.

Айымбетов пен Гальчевтан басқа, «Союз ТМА-18М» кемесінде британдық әншінің орнына ұшу тәжірибесі болмаған Прокопьев үміткер болған.

«Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің Байқоңыр (Қазақстан) ғарыш айлағынан ұшуы 1 қыркүйекке жоспарланған. Айымбетовпен бір экипажда орбитаға ресейлік ғарышкер Сергей Волков пен еуропалық астронавт Андреас Могенсен ұшады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз