«Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясы басшыларының қамалуы көрменің беделін түсірген

0
331

 

«Астана ЭКСПО-2017″ компаниясындағы жоғары лауазымды тұлғалардың қамауға алынуы көрменің беделіне нұқсан келтірді деп мәлімдеді аталмыш мекеменің басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова.

Салтанат Рахимбекова

«Болып өткен оқиғалардың белгілі бір із қалдырғаны сөзсіз, бірақ әлі де тергеу жалғасып жатыр. Бәлкім, сот кінәнің шамасын белгілейтін болар. Белгілі бір нәтиже шығарылады. Әрине, абыройға нұқсан келді. Бізге бүгінде жобаны жүзеге асыру үшін сенім, халықтың сенімі қажет», — деп жауап берді Рахымбекова тілшілердің сұрағына.

Еске салсақ, маусымның ортасында Ұлттық компанияның басшысы Талғат Ермегияев пен «Астана ЭКСПО-2017″ АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов үй қамауына алынған.

Кейіннен «Астана ЭКСПО-2017″ АҚ басқарушы директоры Сұламбек Баркинхоевты ұстады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз