«ЭКСПО»-ның бұрынғы директоры Баркинхоевтың бес сыбайласы қолға түсті

0
351

 

«ЭКСПО»-ның атқарушы директоры болған Суламбек Баркинхоев қомақты қаражат жымқырғаны үшін ұсталды.  Ол лауазымын пайдаланып, 214 млн теңгені өз пайдасына жаратқан.

01-01

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Баркинхоев қаражатты жалған кәсіпкерлер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, қалтасына басқан дейді. Осы ретте күдіктінің 5 бірдей сыбайласы қолға түскен.

«Баркинхоевқа қатысты қамауға алу туралы шарасы санкцияланды. Аталған бұлтартпау шарасы тергеу мен прокуратура бойынша ұсынылған. Қылмыстық кодекстің 176 бабы «б» тармағының қылмысын жасады деп күдіктелуде. Қазір алдын ала тергеу жүргізілуде»,- деді Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Осы тұста агенттік қызметкерлері «ЭКСПО-ның» экс-басшыларына қатысты тексерісті үдеткен. Осыдан 10 күн бұрын ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев те қызметінен босап, үйқамаққа алынған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз