Қытайдан тауарын кіргізе алмаған саудагерлер «Қорғас» бекетін талқандай жаздады

0
432

 

Қорғастағы қарсылық акциясы! Қытайға арзан тауарға барып, шекарада тентіреген саудагерлер мен туристер наразылық білдіруде деп хабарлайды КТК арнасы.

960EE02A-6A43-407F-9981-909E566814C4_w640_r1_s_cx0_cy2_cw0

Алған заттары бекетте бөгеліп қалған олар тіпті, кеденде түнеуге мәжбүр. Сөйтсе, еркін экономикалық аймақ ережесі бойынша қандастарымыз жаппай кәсіпкер деп танылып, бас-басына баж салығы салыныпты. Яғни алған затыңыздың ішінде, тіпті шұлық болса да екі данадан асса – сіз саудагерсіз. Соңғы тиынына дейін тауар алып қойған жұрт енді не сатып алған затына қолы жете алмай, не елге өте алмай, айдалада қалған.

Қытайға қыдырып шыққан туристер екі аптадан бері шекарада шұбырып жүр. Бірі тауарын тізерлеп отырып өтінсе, енді бірінің жұлысамын деп көзі көгерген.

Ашуға булыққан жұрт тауары жатқан қойманы талқандауға шақ жүр. Ал іштен «тоқтат» деген бір тірі жан табылмады. Қайта көзінше жүктерімен ойнап, онсыз да ашулы топты ызаландыра түсті.

Бастықтар келді. Бәрі қалталарына қолын салып алады да кетеді. Бізді адам қатарына санамайды!

«Бастықтар келді. Бәрі қалталарына қолын салып алады да кетеді. Бізді адам қатарына санамайды! Мына жерде 4 күн қонып жатқандар бар, 5 күн  қонып жатқандар бар. Онда неге ашады? Жауып тастасын!», — дейді Дәрия Машанова.

Қорғастағы қазақ-қытай базары о баста еркін экономикалық аймақ ретінде ашылған. Ешбір визаны қажет етпейтін екі ортаға туристер тіпті сонау Тараздан автобус жалдап келген. Енді тауарын алып өте алмай, төрт күннен бері көліктің ішінде түнеп жүр.

Артымызда- Қытай, ал алда болса, Қазақстан. Екі ел арасындағы тауар алмасу тәртібін дәл қазір кеденшілер, тіпті шекарашылар да емес, мінекей мына төрт бұрышты темір шешіп отыр. Тауары сыйғаны өтеді, ал сыймаған қандастарымыз затын құшақтап 7 шақырым жаяу жүруге мәжбүр.

Туристерді жылатқан тәртіп жақында енгізілген. Темірге сыймаған тауарды пошта арқылы шекарадан өткізуге мүмкіндік берілген екен. Онда да үйіңізге емес, шекараның келесі бетіне дейін ғана. Әрі тасымалына бір және әрбір келісі үшін тағы ақысы төленуі тиіс.

Алынған заттардың декларациясын тапсырып, салығын төлесе, ешқандай кедергі жоқ», — дейді «Алтынкөл» кеден бекетінің бастығы Мәди Базаров.

Тек тауардың өзіндік құнынан бірнеше есе асып түсетін төлемақы туралы туристердің көбі шекараға келгенде бір-ақ естіген. Енді кеден бекетінде тентіреп, Қытайдан елге қайта алмай жүр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз