Қазақстан ДСҰ-ға мүше болу арқылы инфляцияны төмендетеді

0
448

 

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу арқылы Қазақстан инфляцияны төмендетіп, ұсынылар тауар түрлерін арттыра алады.

вто

Саясаттанушы Әзімбай Ғали осылай деді. Сарапшы әлемдік ұйым қазақстандық өндірушілер үшін пайдалы боларына сенімді.

Өйткені қойылар талап күшейіп, отандық бизнес өкілдерінің жауапкершілігі де арта түседі. Әрі тұтынушыға ұсынылар тауар сапасы да жақсарады.

Саясаттанушы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу арқылы Қазақстан ғылым мен жаңа технология саласындағы соңғы жетістіктерге қол жеткізіп, тиімді пайдалана алатындығын да жеткізді.

«Баға төмендейді. Менің ойымша, 1-2 пайызға тұтыну тауары арзандайды. Яғни бұл инфляцияны төмендетеді еліміздегі. Ішкі бәсеке күшейеді. Бұрын, мысалы, алсаң да аласың, алмасаң да, не Ресейдің, не Қазақстанның өніміне мәжбүр боласың. Ал енді Қытай, Түркия, Малайзияның тауары келіп, бәсеке болады», —  саясаттанушы Әзімбай Ғали.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз