Ақмола облысында масайған екі қыз 5-ші қабаттан құлап кетті

0
613

Ақмола облысы, Щучье қаласында масайған екі қыз 5 қабаттан құлап мертікті.

балкон

Бұл туралы Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөлімінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай кеше түнгі сағат 00:00-01:00 шамасында болған. 30 және 21 жастағы екі қыз өздері жалдап тұратын пәтердің кілтін жоғалтып алған екен.

Пәтер ішіне қамалып қалған олар құтқарушыларды көмекке шақырудың орнына өздері төсек жапқыштарды бір-біріне жалғап, терезе арқылы 5 қабаттан жерге түспек болған. Нәтижесінде екеуі де құлап, бірінің омыртқасы сынса, екіншісі кеудесін соққан.

Дәрігерлер қыздардың ішімдік ішкен және төменгі қабаттағы дүкеннің шатырына түспегенде тірі қалуы екіталай еді, деп отыр.

Кеудесін зақымдаған 1985 жылғы қыз медициналық көмек алған соң үйіне жіберілді. Ал, 1994 жылғы қыз алдағы күндерін ауруханада өткізетін болады, дейді дәрігерлер.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз