Арқада туған атақтылар

0
646

3

 

Елордамыз орналасқан Сарыарқа төсінде дүние есігін ашқан  атақтылармен таныс болыңыздар.  Елордасы болғандықтан ол мекенде ойы озық азаматтардың дүниеге келуі келесі ғасырда  ешкімді таң қалдымауы мүмкін. Бірақ б Ақмола обылысының бүгінге дейінгі абыройы да төмен емес.

Кенесары Қасымұлы

1802 жылы Ақмола облысы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Үш жүздің ханы Абылай ханның немересі.  Өзі де 1841-1847 ж. Орта жүздің ханы болған.  Отаршылдыққа қарсы 1837-1847 ж.  10 жылға созылған ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі  болған.  Саяси көзқрасының қалыптасуына әсер еткен әкесі Қасым болады. Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттігін  қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, тәуелсіз ел ету  мұратын көздеген сұңғыла саясатшы  әрі дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. К. Қасымұлының   өмірі көптеген ақындар мен жазушылардың шығармасына арқау болған.  Нысанбай ақынның  « Кенесары- Наурызбай» дастанын  (19ғ.)  XX ғ-дың  30 жылдары М.Әуезов  « Хан Кене» пьесасын (сахнаға  бірер қойылуынан кейін  тыйым  салынған.),  60-жылдары  І. Есенберлин «Қаһар» романын жазды.  1847 ж қырғыз  манаптарының қолынан  қаза табады.

Біржан Сал Қожағұлұлы.

1834 ж. Ақмола облысының  Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген.  Жастайынын өнерге, әншілікке қызыққын.   Оның ұлы ақын Абаймен кездесуі – ақындық өнерінің  дамыуына үлкен  үлес қосты. Біржан Салдың бізге жеткен шығармалары: «Ләйлім шырақ», «Теміртас» , «Жаймашуақ», «Айтбай», «Айбозым» және т.б.  Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста  орындалса, композитор Мұқан Төлебаев біразын «Біржан – Сара» операсында пайдаланған.

Біржан Сал 1897 ж қайтыс болады.

2009 ж.  Біржан сал фильмі түсіріледі. Онда басты рөлді Досқан Жолжақсынов сомдайды.

Сәкен Сейфуллин

Сәкен  (Сәдуақас) Сейфуллин – 1894 ж 15 қазанда  Ақмола облысы Ақмола уезінде дүниеге келген.  Қазіргі қазақ әдебиетінің және Қазақстан  Жазушылар Одағының  негізін қалаушы. Ақын, жазушы  және қоғам қайраткері.  4 маусым 1918 ж ақтар төңкерісінен соң  Сейфуллин тұқындалып,  1919 ж Петропавл түрмесіне түседі. Ол 24 қаңтардан- 12 наурызға дейін атаман Аннековтың «өлім пойызынан» өтті.   Азамат соғысы аяқталғаннан кейін  1920 ж 7 мамырда босатылып,  Ақмоладағы Қызыл Армия қатарына оралды және революциялық   комитеттің  Әкімшілік бөлімінің басшысының көмекшісі  болып тағайындалған.  1938 ж «ұлтшыл буржуа»  деген айыппен тұтқындалып, 1939 ж 28 ақпанда Алматыда  НКВД-сының қабырғасында атылды.  Кейін 1953 ж Сталин қайтыс болған соң ақталды.

Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин – 1915 ж 15 қарашада  Ақмола облысы Зеренді ауылында дүние есігін ашқан.  Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы. (1959) КСРО Педагогика  ғылым академиясының академигі(1959)  Кеңес Одаңының батыры (1943), Қазақ КСР –інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Кедей шаруа отбасында  туған.  М. Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті»  атты күрделі монографиялық еңбегі  ЖОО-на  арналған кітап ретінде бірнеше рет басылып шыққан.  Ол 8-сыныпқа арналған « Қазақ әдебиеті» оқулығын жазды.  Оның «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз» , « Майдан очерктері», « Сұрапыл жылдар»,» Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» және т.б. кітаптары жарық көрген.  М. Ғабдуллин Ленин ордені, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен марпатталған.

1973 ж Алматы қаласында қайтыс болады.

Рақымжан Қошқарбаев

Рақымжан Қошқарбаев- 1924 ж 19 қазанда Ақмола облысының Тайтөбе ауылында дүниеге келген. Ата- анасынан ерте айырылған. 4 жасында анасы қайтыс болса , әкесі жалған жаламен ГУЛАГ лагеріне кетеді.

1842 ж  18 жасында әскер қатарына алынады. Лейтенант  Р. Қошқарбаев  Берлин операциясы кезінде 30 сәуірде  Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан  Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын  тікті. Кейін Р. Қошқарбаевқа « Қызыл ту», «1-дәрежелі  Отан соғысы» ордендері , «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары берілді.  «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденін  Рейхстагқа ту тіккені үшін  алды. 2001 ж «Халық Қаһарманы»  атағы беріліді.

Сағадат Нұрмағамбетов

Сағадат Қожахметұлы  Нұрмағамбетов –  1924 ж 25 мамырда  Ақмола облысы Еңбек ауылында (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы ) туған.  1943 ж  Кушка қалсындағы Түрікменстан пулемет училищесін  бітіргеннен кейін  майданға жіберіледі. 1945 ж 27 ақпанда  Польша аумағында жаудың мықтап бекінген  қорғанысын бұзуға жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін, Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.  1992 ж мамырда ҚР  Қорғаныс  министрі болып тағайындалды.  1994 ж 23 мамырда « Халық Қаһарманы»  атағымен марапатталды. 1995 ж армия генералы атағымен отставкаға кетеді.

2003 ж  24 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болады.

Кәрім Мәсімов

Кәрім Қажымұқанұлы Мәсімов  –  1965 ж 15 маусымда  Целиноград  қаласында туған.  Мемлекет қайраткері, заңгер, экономист.  1985 ж П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетінде , 1988 ж. Пекин тіл білімі институнда оқыған.  Ухань заң университетін (Қытай,1991), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1995) бітірген. Колумбия университетінде (Нью- Иорк, 1999) топ- менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.  2007ж  қаңтарда  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,

2012 ж. қыркүйекте ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы ,

2014 ж.  7 сәуірде ҚР Президенті Жарлығымен  Қазақстан премьер- министрі болып тағайындалады. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев орденімен (2010),  Құрмет» орденімен (2004), Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен  (2011) марапатталады.

Қания Табыс

«Қамшы» сілтейді

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз