Жақында танымал кино жұлдызы Анджелина Джоли ислам дінін қабылдап, Түркиядағы босқындар лагеріне барды. Бұл туралы «Қамшы» порталы қырғызстандық «kabarlar.org» сайтына сілтеме жасай отырып жазады.
Актриса, режиссер және БҰҰ-ның елшісі Анжлеина Джоли әлем елдеріндегі босқындар лагерлеріне барып, ондағы жағдайды әлем назырана ұсынуды үрдіске айналырып келеді. Мысалы, өкен аптада танымал жұлдыз бірден бірнеше лагерлерді аралаған. Әуелі ол ұлы Пакспен бірге Намибияға, сосын Ливияға, сосын қызы Шайломен бірге Түркиядағы босқындар лагеріне барған.
Анджелина Джолидің Түркияға сапары барысында ол қолына «тәспі» ұстап жүргенін фотооператорлар түсіріп алған. Актрисаның өз сөзіне сенсек, оның үйінде діни танымдық кітаптар өте көп және түрлі діни ағымның өкілдері тұрады. Сондай-ақ, жиһан кезіп жүретін әртіс діни орындарға, мешітке барып Құдайға мінәжат етуге де уақыт табады. Ол осындай сапарлаға балаларын бірге алып жүреді. Сонымен қатар, танымал әртістер жанұясындағы балалар христиан, буддизм және ислам дінінің қайнарларымен сусындауда.
«Біз балаларымызға барлық дінді құрметтеуді үйретеміз. Олар келешекте қандай дінді ұстанатынын өздері шешеді. Дегенмен, біз оларды мешітке, ғибадатханаға, шіркеуге апарып, оларды діннің қайнарларымен сусындатуға тырысып жүрміз»,-дейді актриса.
Нұрзат Тоғжан