Алматы облысында Өзбекстан азаматтары теңгені қолдан жасап келген

0
397

 

Елімізде еңбек етіп, нәпақасын құрылыстан табатын гастербайтерлер енді теңгемізді қолдан жасауда деп хабарлайды КТК арнасы.

pogudx268isuqafv4.25ef9de6

Алматы облысында осындай Өзбекстан азаматтары 2 мыңдық жалған купюралармен ұсталды.

Көрші елден келген екі жігіт бір үйді баспаханаға айналдырып, ақшаны кәдімгі түрлі-түсті принтермен басып шығара беріпті. Осы қулығын іске асыру үшін екі ай бойы дайындалған.

Үйлерін тексеру барысында екі принтер мен жарты миллион теңгедей жалған ақша табылды. Сапасы төмен 2 мыңдық банкноттарды шетелдік пысықайлар көбіне базарлар мен кішігірім дүкендерге өткізіп отырған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз