Қызылорда – қазақы нақышта безендірілген қала (ФОТО)

0
496

Астана. 22 маусым. Baq.kz – Екі ғасырға жуық тарихы бар Қызылорда қаласы күннен күнге жайқалып, көркейіп келеді. Қаланың әуе, темір жол қақпаларынан қаланың көркін анық аңғаруға болады.

Қаланың орталық көшелерінде қазақтың өткенінен сыр шертетін мүсіндер орналастырылған.

Ұлттық ойындар да көрініс тапқан.

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы». Бұл қызылордалықтардың басты ұранына айналғандай. Өйткені барлық безендірулер осы сөзіміздің дәлелі.

Қаланың басты ерекшелігі, мұнда бильбордтардан жарнаманы байқамайсыз. Керісінше, ұлыларды ұлықтап, жеткен жетістіктер насихатталған. Мәселен, мына бильбордтар тарихтан сыр шертеді.

}õ8�

Хандар мен билер, батырлар мен шешендердің суретіне қарап қала жастары басты құндылық саналатын Тәуелсіздікке қалай қол жеткінін бағамдап жүр.

Ақ қағаздың бетіне қаламның құдыретімен құнды туындылар тудырған ақын, жазушылар ұлылықтың төресін танытып тұрғандай.

Иә, өздеріңіз көріп отырғандай, Қызылордадағы баннерлердің өзі жарнамаға емес, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға арналған құрал болып тұр.

http://baq.kz/kk/news/67165

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз