Барак Обама ораза тұтқан мұсылмандарға Ақ үйде ауызашар берді

0
513

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде ауызашар берді.

обама ифтар

Сауапты шараға осы елдегі мұсылман қауымы түгел шақырылды. Ауызашарға мемлекет басшысының өзі қатысты.

Ол келгендерге алғысын айтып, әлемдегі және АҚШ-тағы соңғы оқиғаларды ескерсек, мұндай басқосудың маңызы ерекше екенін атап көрсетті.

Обама Чарльстон қаласында африкалық шіркеуге шабуыл жасалғанын және елінде жүріп қақтығыс құрбанына айналған миллиондаған адамның аш-жалаңаш жүргенін тілге тиек етті.

«Ақ үйде жылда ауызашар берілетін мына дастархан әлемдегі 1,5 миллиард мұсылманға құрмет көрсету үшін жайылады. Біз тіліміз мен түріміз, дініміз мен діліміз әртүрлі болса да, үлкен бір отбасымыз. Қарулы қақтығыстар мен басқа факторлар салдарынан жапа шеккен, әсіресе аштық пен кедейшілік жайлаған елдерде тұрса да, ауыз бекіткендер үшін дұға қылайық», — деді АҚШ президенті Барак Обама.

Еске сала кетейік, Обама мұсылман халқын Рамазан айының басталуымен  құттықтаған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз