Танымал продюсер Баян Есентаева Instagram-дағы парақшасында ескі видеоларымен бөлісіп, өзінің қыздар тобының құрамында ән салған кезі туралы видео жариялады.
1997 жылы Меруерт Есен, Бағым Мұхитдинова және Баян Есентаева бірігіп, ән сала бастайды.
Продюсер өз жазбасында қыздар тобын құруды сол кезде-ақ мақсат еткенін айта келе, өзінің сахна киіміне де тоқталған.
«Алтын түсті парша пиджак дегеніңіз өте керемет! Баян, сол кездері сен не туралы ойладың?», — деп продюсер өз киімін сынға алған.
Одан бөлек, Есентаева жас кезінде музыкаға, өнерге деген құштарлықтың басым болғанын да айтты.
Источник: Nur.kz