Бүгін таңертең Астанада жас келіншекті көлік қағып кетті.
Бұл туралы astinfo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, келіншек отбасымен бірге Ақ жол көшесінің бойында келе жатқан. Кейін күйеуімен қоштасады да, баласымен бірге басқа бағытқа бет алады.
Бағдаршамның жасыл түсі жанған соң, жолдың келесі бетіне өтпек болғанда келіншекті жоғары жылдамдықпен келген «Toyota» автокөлігі қағып кеткен.
Оқиға орнынан ізін жасырған жүргізушіні полицейлер көпір маңынан тапты. Жүргізушінің мас болғаны және жоғары жылдамдықта көлік жүргізгені анықталды.
Дереу ауруханаға жеткізілген келіншек ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиғаның мән-жайы тексерілу үстінде.
Источник: Nur.kz