Семейде киімсіз тыр жалаңаш көшеге шығып, серуен құрған әйелдің әрекеті тұрғындардың жағасын ұстатты.
Мұны байқаған тұрғындардың бірі жанталасып бейнетаспаға түсірсе, енді бірі суреттерді әлеуметтік желілерге таратып, енді бірі тәртіп сақшыларына қоңырау шалған.
Азаматша кеше күндізгі сағат үштер шамасында үйінен шығып кеткен. Бір қызығы, қаланың сол жақ жағалауда тұратын ол, таңертең оң жақ жағалаудан жалаңаш көше кезіп жүрген кезінде табылып отыр.
Дәрігерлердің айтуынша, туыстарының бақылауы жеткіліксіз, әрі дәрігердің тағайындаған емін уақытында қабылдамауы осындай оқиғаға әкеліп отыр дейді.
«Бұл науқас біздеесепте тұрады. Психикалық аурумен созылмалы үзіліссіз ағымда аурады. Екінші топтағы мүгедек.бүгінгі жағдайына байланысты аурудың өршуі себеп болды, қозуы себеп болды деп ойлаймын. Уақытында дәрісін ішпегендіктен», — дейді дәрігер Жанар Бейілғожина.
Источник: 31 канал