Германияда өткен әйелдердің «қанды» күресі көпшіліктің жағасын ұстатты (фото)

0
541

20 маусымда Германияның Берлин қаласында өткен әйелдер арасындағы күрес көрермендердің жағасын ұстатты. «Қанды күресті» көзімен көргендер «адазамзатқа мұндай әйелдер күресі қажет пе?» деген сауал тастады.

бокс1

Бұл туралы sports.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Берлин қаласында UFC Fight Night 69 турнирі өтіп, онда Джоанна Енджейчик пен Джессика Пенне есімді нәзік жандылар күш сынасты. Екеуінің арасындағы жекпе-жек күрес ММА-лигасы тарихындағы ең қанды күрес атанды.

11 - Joanna Jedrzejczyk v Jessica Penne

Күрестің алғашқы минутынан бастап, Енджейчик кикбоксингтен аралас күреске өту арқылы қарсыласын аяусыз соққыға алды. Пенені тепкінің астына алған бойжеткен қарсыласының жүзінен сау орын қалдырмаған.

Үш раунд бойы соққыларына шыдап берген Пененің беті қан-жоса болғаннан кейін ғана рефери күресті тоқтатуға шешім қабылдаған.

бокс3

Күрес аяқталғаннан кейін Енджейчик қарсыласына еш жамандық ойламағанын және жек көрінішітің де орын алмағанын айтқан.

«Пенне UFC титулы үшін күреске шықпас бұрын оны тордың ішінде ешкім аяай қоймайтынына дайын болуы тиіс еді. Мен оған ерекше жек көрінішпен де қараған емеспін. Тек жаттықтырушыларымды тыңдап, шабуылға кірістім», — дейді Джоанна.

бокс4

Күрестің рефериі Марку Годдартуды бұл күрестен кейін сынға алғандар көп болған. Өзіне айтылған айыптауларға байланысты рефери жекпе-жек ережелерге сай өткенін алға тартқан.

Себебі Пенненің өзі ауыр жарақаттарға қарамастан күресті жалғастыра берген. Ал оның секунданттары күресті тоқтатуға тырыспаған. Мұндай жағдайда күресте күзетшілік ететін дәрігерлер бригадасы бәріне тоқтау салып, Пеннеге көмек көрсетуі тиіс болған. Алайда оларда күреске араласа қоймады.

бокс15

Ақырында барлығы кінәні бір-біріне артуға кіріскен. Олар «бұл сондай аяусыз спорт түрі» деп ақталумен болды. Осы орайда, «нәзік жандылар үшін мұндай «қатыгез»спорт түрі қаншалықты қажет?» деген сауал туындайды.

бокс2

бокс7

бокс9

бокс11

бокс12

бокс13

бокс14

бокс16

боксм8

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз