Алматыда үш ер адам қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды. Ондай айыпты күдіктілерге жеңіл жүрісті бойжеткеннің өзі тағып отыр.
Бұл туралы «Алматы» телеарнасындағы «Куәгер» бағдарламасы хабарлайды.
“Достарымызбен бірге демалғымыз келді. Сайтқа кіріп, үшеуіне бірден төледік. Алайда, олар бізге ұнамаған соң, ақшамызды қайтарып алғымыз келді”, – дейді күдіктінің бірі.
Тонау жайындағы суық хабар полицияға түнгі он екі жарымда келіп түскен.
Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, оның екі клиенті суық қарумен қорқытып, екі ұялы телефонын тартып алған көрінеді.
Дереккөз: Алматы ТВ