Миллиардтаған теңге жымқырған қазақстандық 10 шенеунік

0
479

2

Жемқорлық бұл –  әдет пе, әлде ауру ма? Неге осы жемқорлықпен тек бай-мансаптылар мен шенділер ғана ауырады? Осы ретте, Transparency International халықаралық ұйымының мамандары қай мемлекетте кедейшілік басым, қай мемлекетте әлеуметтік ахуал ушығып тұр, қай мемлекетті коррупция жайлағанын анықтаған. Мәселен, Қазақстан бұл тізімде 180  елдің ішінде 145 орынды иемденген.

ҚР Конституциясындағы  «Жемқорлықпен күрес» туралы заңның 7 бабына сәйкес, қызметтік мансабын асыра пайдалану, пара алу (параның көлемі маңызға ие емес) фактілері бойынша 1 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығанан айыру жазасы кесілгенімен, аталмыш заңның 1-2 тармақтары бойынша, тергеу жұмыстарына көмектесіп, кінәсін мойындаған жағдайда шартты түрде, айыппұлмен құтылып кетуге болады. Демек, қандай көлемде пара алғаның маңызды болмаса, айыппұлмен құтылып кетуге болатын болса, «өмір тамаша емес пе?».

Рас жемқорлық – жаһанға жайылған кесапат. Жемқорлық өрмекшінің торы сияқты жер жиһандағы елдердің бәрін шырмап алған құбылыс. Тіпті, «эболадан» қауіпті жұқпалы індет. Таратушысы маймыл емес, адам. Әлде?.. Бірақ, бұл біздің қазакең үшін керісінше, мәселені шешудегі ең тиімді жол. Себебі, «істеген жерден тісте» деген принціпті берік ұстанатын басшылар үшін майлы қазынынің бір шеті тисе, өздерін тоқтата алмай қалатыны тағы бар. Осылайша, көп асаймын деп жоқ асап қалған мырзалар да бізде жетерлік.

Ендеше, «Қамшы» порталы соңғы  жылдарда Қазақстанда тіркелген ең даулы 10 қылмыстық істі назардарыңызға ұсынады (жемқорлық фактісі бойынша).

meshimbaeva

  1. Анар Мешімбаева, ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы.

Тағылған айып: Бюджет қаржысын жымқырды  (2009 жыл).

Сомасы:  700 млн. теңге.

Жазасы: 7 жылға бас бостандығынан айыру (2014 жыл).

ryskaliev

  1. Бергей Рысқалиев, Атырау облысының бұрынғы әкімі.

Тағылған айып: Өзгенің мүлкін заңсыз иемдену, ұйымдасқан қылмыстық топ құру.

Сомасы: 71 млрд. теңге.

Жазасы: 2013 жылдың 31-қаңтары күні іздеу жарияланған. Ал оның туған бауыры Аманжан Рысқалиев – мәжілістің экс-депутаты 2014 жылдан бері іздеуде.

aryn

  1. Ерлан Арын, Павлодар облысының бұрынғы әкімі.

Тағылған айып: Қаржыны заңсыз иемдену, 10 бірдей қылмыстық факіті бойынша айып тағылған (2013жыл).

Сомасы: 1,6 млн. теңге.

Жазасы:  Шартты түрде 3 жылға жаза кесіліп, сот залынан босатылған. Сонымен қатар, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру.

jolamanov

  1. Нұрлан Жоламанов, генерал-лейтенант, ҚР Шекера қызметінің экс-директоры.

Тағылған айып: Қызметтік мансабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде пара алды (2013-2014 жж.).

Сомасы: 300 мың доллар және 55 млн. теңге.

Жазасы: 11 жылға бас бостандығынан айыру, қатаң режимді колонияға жіберу (2015ж).

ospanov

  1. Мұрат Оспанов, АПЕМ-нің бұрынғы басшысы.

Тағылған айып:  Аса ірі көлемде пара алды (2014ж.).

Сомасы: 300 мың доллар және 55 млн. теңге.

Жазасы: Сот залынан босатылып, 1 млрд. 101 млн. 60 мың теңге айыппұл салынған. Бұл салынған айыппұл пара көлемінен 30 есе артық. Сондай-ақ, «Құрмет» онденінен айыру.

maikeev

  1. Бағдат Майкеев, ҚР Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары.

Тағылған айып: Аса ірі көлемде пара алған (2014ж.).

Сомасы:  2 млн. доллар, 372 млн. теңге.

Жазасы: 6 жылға бас бостандығынан айырылған(2014ж.).

sayat

  1. Саят Шаяхметов, ҚР БҒМ бұрынғы орынбасары.

Тағылған айып: Өскемендегі білім ордасына бөлінген қаржыны жымқыру, қызметтік мансабын заңсыз пайдалану (2013.).

Сомасы: 1,1 млрд. теңге.

Жазасы:  Сот ісі 2014 жылдың 16-шілдесі күні басталған. Қазіргі таңда іс қайта қаралуға жіберілген. Жаза кесілмеген.

akhmetov

  1. Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, ҚР Премьер-министрі, ҚР Қорғаныс министрі.

Тағылған айып: Қызметтік мансабын артық пайдалану, аса ірі көлемде пара алу (2009-2011жж.).

Сомасы: 3,2 млрд. теңге.

Жазасы: Сот ісі жалғасуда.

abdishev

  1. Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі.

Тағылған айып: Қарағандының бұрынғы әкімі ҚР ҚК 307-бабы – “Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану” бойынша айыпталып отыр.

Жазасы: Сот ісі жалғасуда. Қазіргі таңда үй қамақта.

ermigiyayev

  1. Талғат Ермегияев, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы.

Тағылған айып: «Р ҚК 4-бөлімі, 176-бабының «б» тармағы бойынша – Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иелену немесе талан-таражға салу (2015ж.).

Сомасы:  Әзірге нақты деректер жоқ. Есеп комитеті атылмыш іске қатысты қандай да бір ақпарат бермеген.

Жазасы: Сот ісі жалғасуда. 2 ай мерзіміне үй қамаққа алынған.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы» сілтейді

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз