Әлем Лидерлері Назарбаев туралы не ойлайды?

0
469

3

 

Жақында Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев қазақ Көшбасшысына өзінің жылы лебізін білдірген сөздері қазақстандық БАҚ-та жарық көрді. Бұл өзге мемлекеттер басшыларының Нұрсұлтан Әбішұлының саяси беделіне қатысты айтып отырған алғашқы лебізі емес. Бұған дейін де әлем көшбасшылары қазақ оғланы туралы ойларын ашық айтып келеді. «Қамшы» порталы солардың бір сыпырасын назардарыңызға ұсынады.

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Президенті:

«Мен қырғых халқы атынан, осы елдің Президенті ретінде, Қазақстан Президенті – біздің ақсақалымыз, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін үлкен алғысымды айтамын. Менің бұл сөзім кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен Назарбаев мырза тек Қазақстанның ғана көшбасшысы емес, ол – әлем лидерлірінің бірі. Ол бүкіл түркі жұртының мақтанышы. Оның еңбек жолы бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған»

Джордж Буш, АҚШ Президенті (1989-1993жж.):

« Сіздің «ядросыз әлем» жобаңыз бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Мен және Америка халқы Сізге және Қазақстан халқына қашанда ілтипатымыз ерекше. Сіздің қиын-қыстау кезеңдердегі ұстанған саяси және экономикалық реформаларыңыз – әлемдік саясаттағы үлкен жетістік деп білеміз. Бұдан әрі де Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық, ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне сенімім кәміл.

Барак Обама, АҚШ Президенті:

«Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы- әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы – қазақстандықтар әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды».

Владимир Путин, Ресей Президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Менің таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда – сентименталды адам бола алады. Ол ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы».

Кофи Аннан, БҰҰ бас хатшысы (1997-2006жж.):

«Қазақстан- өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік және экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз Назарбаевтың осы бір бастамасына қайран қалған болатынбыз. Өйткені БҰҰ әлем елдерін ядродан бас тартуға үндеп келе жатқанына 60 жылдан асты. Бірақ нәтиже жоқ еді. Мұның бәрі Президент Назарбаевтың еңбегі».

Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы:

«Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс».

Маргарет Тэтчер, Ұлыбритания преьер-министрі (1979-1990жж.):

«Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі саяси ойыншылар бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған қатты сенемін және оның бастамаларын қолдаймын».
Абдолла Гүл, Түркия Республикасының экс-президенті:

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз қазақ мемлекетін құрудағы түркі халықтарының бірлігін нығайтудағы еңбегін жоғары бағалаймыз. Осы орайда сізді «Түркі елдерінің ақсақалы» дей келе үстіңізге ақ шапан жауып, басыңызға ақ бас киім кигізуге, қолыңызға киелі аса таяқ ұстатуға рұқсат етіңіз. Сіз бүкіл түркі жұртының лидерісіз!»
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

«Аса қадірменді Президент мырза, менің аяулы бауырым! Алдыңғы жылы Түркиядағы Президентті ұлықтау рәсіміне сіз арнайы келіп қатыстыңыз. Мен мұны сіздің маған ған емес, барша түрік жұртына құрметіңіз деп түсінемін. Сіз түркі жұртының ақсақалы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келесіз. Мен сізді үлгі тұтатынымды жасырмаймын».

Ислам Каримов, Өзбекстан Президенті:

«Мен білемін, дүниеде ерекше жаратылған адамдар болады. Олардың ақылы жыл ұзарған сайын арта береді. Қарапайым адамдарда қартайған сайын жадынан жаңылып, қарттықтың көлеңкесіне сүйенеді. Ал дара туғандар керісінше болады. Оларға Алла Тағала даналық берген. Олар Алланың ерекше сүйген құлдарынан болса керек-ті. Президент Назарбаев осындай азамат!

Ағылшын және түрік тілдерінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы» сілтейді

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз