Алматыдағы атыстың бейнежазбасы пайда болды (фото, видео)

0
348

Желіде 25 маусымда полицейлер мен қарақшылар арасында болған атыстың бейнежазбасы пайда болды.

photo_161179

Бейнежазбадан арнайы бөлім жауынгерлері қылмыскерлер басқарған Daewoo Damas маркілі көлігінің жолын бөгегені байқалады.

Көлік есіктері ашық күйде. Полицейлердің қызметтік көлігі жол бойына көлденең тұрып алған.

Еске салсақ, 25 маусымда Алматыдағы “Жібек жолы” базарының маңында полицейлер мен қылмыстық топ арасында атыс болғаны бұған дейін хабарланған болатын.

26 маусымда қылмыскерлер кәсіпкерге қарулы шабуыл жасамақ болғаны анықталды.

Полицейлер қарулы азаматтарды тоқтатпақ болғанда, олар қарсылық көрсеткен. Салдарынан қылмыскерлердің бірі жарақат алып, екіншісі сол жерде қаза болды.

1869

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз