Жаңаөзеннің экс-әкімі Орақ Сарбөпеев он бес күннен кейін Ақтөбе абақтысынан шығады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сарбөпеев екі аптадан кейін шығады», – деді бұрынғы әкімнің туыстары.
2015 жылдың қаңтарында жаңа қылмыстық кодекс күшіне енді. Орақ Сарбөпеев өз ісін қайта қарау өтінішімен сотқа жүгінген. 2015 жылдың наурызында оның мерзімін сегіз жылға дейін төмендетті. Ал мерзімінің жартысын ғана өтеген соң экс-әкім бостандыққа шығады. Бірақ ол үшін оған 600 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.
Еске сала кетейік, 2012 жылдың 25 қыркүйегінде лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік қаражатты жұмсағаны және жымқырғаны үшін айыпталған Жаңаөзеннің экс-әкімі Орақ Сарбөпеев 10 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, Орақ Сарбөпеевке 109 млн теңгені жұмсады және лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген айыптар тағылған еді.
Дереккөз: КазТАГ