Экономист Салтанат Абаева Алматы телеарнасына сұхбат беріп, бюджеттің қай салада қысқарып-қысқармайтыны жөнінде мәлімдеді.
“Республикалық бюджетті қысқарту шаралары жаңадан дамып жатқан тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу саласы, сондай-ақ экономиканы дамытуға қатысты көп бағдарламалар. Яғни осы салалар қысқартылады деп жоспарланды. Бюджеттік заңда қай салада қысқарту жүрмейді, сол нақтыланды. Нақты үш сала қысқармайды. Олар: білім мен денсаулық саласы және әлеуметтік бағдарламалар”, – деді ол.
Маманның айтуынша, елдегі зейнетақы төмендемейді.
“Зейнетақы туралы бағдарламаға бөлінген қаржы қысқартылмайды. Білім саласына да дәл солай. Бірақ білімге бөлінген ақша қысқартылмағанымен, көбеймейді”, – деді экономист.
Дереккөз: Алматы ТВ