Шымкентте күдіктілер 200 мың теңгеге сәби сатпақ болған

0
485

Шымкентте сәби саудасы жалғасын тапты.  Тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы нәрестелерді саудалаған күдіктілерді қолға түсірді.

A01BAC31-C825-4B97-91A9-F28DFBDAE9BF_mw1024_s_n

Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап   NUR.KZ хабарлайды.

Шымкент қалалық ІІД Абай аудандық бөлімшесіне бала саудалаған күдіктілер жеткізілді. Олар Вконтакте әлеуметтік желісі арқылы сәбиді 200 мың теңгеге саудалаған.

Ал Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан келген сатып алушылар сәбидің ақысына 200 мың теңгеден бөлек, алтын сақина мен сырға да ұсыныпты.

Бүгінде аталған оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, жақында Шымкентте бала саудасымен айналысып келген перинатальдық орталық қызметкерлері ұсталған болатын.

Бұл істі жалпы есебі 8 адам жүргізіп отырған. Олардың төртеуі әйелдерді босандырып алған гинеколог-дәрігерлер.

Дәрігерлер сатылатын сәбилерге жалған құжат жасату үшін қалалық АХАЖ бөлімінен де сыбайлас тапқан. Одан бөлек, сәбилерді сатып алуды ұйымдастыратын делдал да бар.

ОҚО Ішкі істер департаментінің зерттеуіне сүйенсек, қылмыстық топ 2012 жылдың наурызы мен 2013 жылдың тамызы аралығында 20 сәбиді сатып жіберген. Кішкентай нәрестелердің бағасы 150-400 мың аралығында болған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз