Алматыдағы фитнес орталықтарының бірінде екі балуанның күресі атысқа ұласқан аяусыз төбелеспен аяқталды. Оқиға орнында түсірілген видео Youtube.com желісіне жарияланды.
Видеоны “Это Казахстан, детка” атты арнаға оқиға куәгері жүктеген екен.
Бейнежазбаның атауынан оқыс жағдай Гагарин көшесінің бойында орналасқан жаттықтыру залында орын алған деген тұжырым жасауға болады.
Жазбадан спортшылар бір-бірімен төбелесе бастағанда оларды ажыратпақ болған көпшілік те төбелеске араласып кеткені байқалады. Содан кейін залда оқ атылғаны естіледі. Кім оқ жаудырғаны белгісіз. Полицейлер болған жайтқа әзірге түсініктеме бермеді.
Ескертпе: видеода бейәдеп сөздер кездеседі.
Дереккөз: Nur.kz