Немцов өліміне айыпты Губашев сыбайластарын түгел атап берді

0
489

Ресейлік белгілі саясаткер Борис Немцовты өлтірді деген айып тағылған Анзор Губашев бұл іске қатысы бар кісілерді түгел айтып берді. Бұл туралы «Интерфаксқа» сілтеме жасап ras.kz хабарлады.

photo_74940

«Борис Немцовты өлтірді деген айып тағылып отырған Анзор Губашев соңғы кездері тергеумен қызметтестік танытып, бұл қылмысқа қатысы бар кісілердің бәрін атап көрсете бастады», – делінген агенттіктің жағдайды жақсы білетін өз мәнбесіне сүйеніп жасаға хабарламасында.

«Анзор Губашевтің ашып берген мойындаулары қазірге дейін қамауға алынған адамдардың жәй ғана біреулер емес, осы істі нақты орындаушылар екендерін кезекті мәрте айғақтап берді», – деді агенттіктің сұхбаттасушысы.

Ол Немцовтың өліміне қатысы бар адамдардың бәрін түгел атап берді.

«Сонымен бірге, ол қамауда отырған өзінің Шадид есімді немере бауырының бұл өлімге ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, оны бұдан ақтап шығаруға күш салып жатыр», – деді мәнбе.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тергеу ісі «техникалық жазыққа» түскен: сараптамалар жасалып, оның қорытындысын шығару үшін құжаттар дайындалып жатыр.

Айта кететін жайт, «Интерфакс» бұл деректерді ресми ақпарға сүйеніп жариялап отырған жоқ.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы 27 ақпан күні түнде Мәскеуде оппозиционер Борис Немцов Кремльдің дәл түбіндегі көпір үстінде атып өлтірілген еді.

Саясаткер бір қызбен үйіне қарай келе жатыпты. Сол кезде шабуыл жасаушылар оған қарай оқ атқан. Ал 7 наурыз күні осы іске байланысты алғашқы күдіктілер қолға түсті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз